Алматыда «Құқықтық диалогтар» жобасы басталды

Бұл туралы Алматы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

19 мамырда жылы Қазақстандық қылмыстық құқықтың негізін қалаушыларға арналған құқықтық диалогтардың бірінші дөңгелек үстелі өткізілді.

Спикерлер елімізде құқықтық ғылымның іргетасын қалаған, құқықтану саласында кадрлар даярлаған, қылмыстық құқық саласында ғылыми еңбектер шығарған Қазақстанның көрнекті заңгерлерін еске алды. Кездесуге қатысушылардың пікірінше, елдегі заң ғылымының негізін қалаушылардың кәсіби және қоғамдық қызметін ғылыми тұрғыдан түсіну тұрақты негізде өтуі керек және тек қалыптасқан заңгерлердің ғана емес, сонымен бірге адам құқықтарын қорғауды мұрат тұтқан мамандардың да ерекше назарын талап етеді.

Келесі құқықтық диалогтарға арналған өзекті тақырыптарды «Құқықтық диалогтар» жобасының үйлестірушісі, «Алматы Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Айнұр Сәбитоваға ([email protected]) жіберуге болады.