Екібастұзда жоғалған екі баланың денесі табылды

Волонтерлардың айтуынша, балалар 30 мамыр күні 12.00-де қаладан бірнеше шақырым жердегі көлден табылған. Заттары шомылуға арналмаған суат жағасынын табылды.

Балалар қайтыс болды. Олар жағадан 8 метр жердегі шұңқырдан табылды. Бірі екіншісін құтқарамын деп ақыры екеуі де суға кеткен сияқты. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз, — деді волонтерлар.

Алдын ала мәлімет бойынша, балалар шомылып жатқанда суға кеткен. Жағдайдың қалай болғаны анықталып жатыр.

Олардың заттарын жақын жерде шомылып жатқан балалар тауып, алып кеткен. Қайтар жолда полицияға хабарласқан, бірақ шұңқырдың атауын шатастырыпты. Сондықтан біз жаңа көпір жанындағы шұңқырдан іздей бастадық. Кейін көрші шұңқырды іздегенде балаларды сол жерден таптық, — деді волонтерлар.

2005 жылғы бұл екі жасөспірім 29 мамырда сағат 16.00-де үйлерінен шығып кеткен. Олардың шұңқырға суға түсуге кеткені хабарланды. Кейін сол күні кешке балалардың заттары мен телефоны табылды. Полицей қызметкерлері мен құтқарушылармен қатар волонтерлар, Екібастұздың ерікті тұрғындары да іздеуге шыққан еді.