Шарындағы селден соң қызды құтқарған видео жарияланды

Бұған дейін селден бір оқушының жоғалып кеткені туралы хабарланған еді, ол 11 жастағы қыз болып шықты. Ол таңғы 9:34-те Шарын өзенінің сол жағалауында оқиға орнынан 3-4 шақырым жерден табылды.

Еске салайық, 29 мамырда Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шарын шатқалында сел жүрді. Салдарынан алты адам жарақат алды, екі адам қайтыс болды. Кейін олардың Алматыдағы №199 гимназияның оқушысы мен мұғалімі екені анықталды.