Шымкентте жылу бағасы 12 пайызға көтеріледі

Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы Бақтияр Аталықовтың айтуынша, коммуналдық қызмет түрінің қымбаттауы биылғы шілде айында көтерілген көгілдір отынның бағасына тікелей байланысты.
«2016 жылғы бірінші шілдеден бастап, энергетика министрінің бұйрығымен газдың бағасы көтерілген. Біз сол 1 шілдеден бастап көтерілген газға сәйкес, олардың берген өтінімдеріне 1 қаңтарға дейін көтермей ұстап тұрамыз деп келісіп келдік, тариф тек қана 1 қаңтардан бастап көтеріледі», — дейді Аталықов.
Бұған дейін шымкенттіктер жылудың әр шаршы метрі үшін 109 теңге 67 тиын төлеп келген. Енді жаңа тарифке сәйкес, шаршы метрі 122 теңге 83 тиын болып бекітілген. Ал, электр энергиясы, көгілдір отын және ауыз су бағасында өзгеріс жоқ.
«Коммуналдық қызметтің бұл түрлері сол күйінде қалып отыр. Бағаны бір деңгейде ұстап тұруға әкімдік пен монополист компаниялардың өзара келісімі оң нәтиже берген, — дейді Б. Аталықов.
ДереккөзҚазАқпарат