Дамир Ысмағұлов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

Жеңіл салмақтағы жекпе-жекте төрешілер жеңісті бірауыздан Дамирға берді. Кездесудің басында Алвес Ысмағұловты нокдаунға жіберді, бірақ нәтижесінде Дамир бұл шабуылға төтеп беріп қана қоймай, бірінші раундты алып, гардадағы қарсыласын бақылауына алды.

Екінші раундта Ысмағұлов бразилиялықты нокдаунға түсірді. Үшінші бес минутта Алвес ва-банкке барды, бірақ бұл оған көмектеспеді.

Фото: Ru.ufc.com

Осылайша Ысмағұлов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл — Дамирдің 2019 жылдың тамызынан бергі алғашқы кездесуі. Ол жарақат алып, жарты жылдан аса уақыт жекпе-жектерге шыға алмаған.