Ақсу әкімі Нұржан Әшімбетов қызметінен босатылды

«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 32-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы 59-бабының 9), 16) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы «Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы» № 828 Жарлығына сәйкес Павлодар облысы әкімінің өкімімен Нұржан Кемерұлы Әшімбетов Ақсу әкімі лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Нұржан Әшімбетов бұл қызметке 2021 жылдың 22 қаңтарында тағайындалған еді. Бұған дейін Павлодар, Екібастұз қалаларына әкімі, Парламент Мәжілісінің депутаты болған.

Pavlodarnews.kz-тің хабарына қарағанда, бұған дейін Павлодар облысы әдеп жөніндегі кеңесі көпшілік дауыспен Ақсу әкімін қызметінен босатуды ұсынған.