Алматыда коронавируспен күреске 15 миллиард теңге жұмсалды

Бұл туралы «Медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы хабарлады.

Еске салайық, коронавирус пен пневмония жұқтырған жағдайда пациенттерге медициналық көмек сақтандырылған-сақтандырылмағанына қарамастан көрсетіледі. Сонымен бірге COVID-19 белгілері байқалған немесе аталған вирусқа шалдықты деген күдік келтірілген азаматтар мобильді бригадалар мен үйдегі стационар қызметіне жүгіне алады.

Жыл басынан бері Алматыда коронавирус инфекциясына қарсы күреске бөлінген 14,9 миллиард теңгенің:

  • 7,8 миллиард теңгесі – медицина қызметкерлеріне үстемақыға;
  • 5,5 миллиард теңгесі – КВИ бойынша көрсетілген медициналық көмекке және індеттің таралуына жол бермеуге бағытталған іс-шараларға (карантиндік және инфекциялық стационарларда ем қабылдау – 25 мың жағдай);
  • 1,3 миллиард теңгесі – ПТР-диагностикаға (168 мың ПТР тест жасалды);
  • 253,1 миллиард теңгесі – мобильді бригадалар қызметіне (мобильді бригадалар 44,1 мың қызмет көрсеткен);
  • 7,4 миллион теңгесі – үйдегі стационар қызметіне (1390 пациентке қызмет көрсетілген) жұмсалған.

Филиал директорының орынбасары Жанар Кенжебаеваның айтуынша, коронавируспен күреске бөлінген бюджеттің негізгі бөлігі медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге жұмсалған.

Жалпы алғанда, қаңтар айында 4 987 медицина қызметкері 1,8 миллиард теңге, ақпан айында 5 365 маманға 1,9 миллиард теңге қосымша ақы төленді. Наурыз айында 7 202 қызметкер 2,7 миллиард теңге үстемақы алған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да