Дәл осындай жағымсыз «заңдылықтың» салдарында шопинг күйзеліске айналады – қазір қажет затты алуға жетерлік қаражатыңыз бар, ал қазіргі бюджетіңізде қарастырылмаған «арман» көздің жауын алады… Дегенмен де бұл мәселенің тамаша әрі қаржы жағынан тиімді шешімі бар: бөліп төлеу картасы.

Jusan Bank-тің сұранысқа ие өнімдерінің бірі —  JOY CARD  бөліп төлеу картасы 20  мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейінгі сомаға бөліп төлеумен сатып алулар жасауға мүмкіндік береді!

Бөліп төлеу картасы қаражат алу тетігі бойынша кредиттік картаға ұқсайды, алайда олардың арасындағы айырмашылық ешқандай пайыздардың жоқтығында! Қанша жұмсасаңыз, дәл сол қаражатты ешқандай артық төлемсіз қайтарасыз.

Жаңа смартфон немесе маусымдық жаппай сатылымдар, online-курстар немесе қонақ бөлмесіне жөндеу жұмыстарын жүзеге асыруға, – егер қолыңызда жеткілікті қаражат болмаса немесе «қаржылық қауіпсіздік жастығын» жұқартпай,  жинаған ақшаңызды бірден жұмсап жібергіңіз келмесе, сізге Jusan Bank-тің бөліп төлеу картасы көмектеседі.

JOY бөліп төлеу картасы — қолжетімді және түсінікті өнім. Картаны 21-63 жас аралығындағы кез келген азамат ресімдей алады, картаны шығару тегін және ең маңыздысы – оны банк бөлімшесіне бармай, мобильді қосымша арқылы ресімдеуге болады. Дайын картаны курьер үйге немесе кеңсеге жеткізіп береді.

Картаны қолдану да оңай! Картамен әлемнің кез келген (!) жерінде төлеуге болады. Тіпті, белгілі бір затты валютаға сатып алып жатсаңыз да, жұмсалған соманы теңгеде қайтаратын боласыз. Ереже тек біреу – уақтылы төлемдер жасау, алайда бұл ережені сақтау да оңай, себебі бөліп төлеу бойынша кезекті төлем мерзімінің келгені туралы хабарламаны мобильді қосымшада немесе СМС арқылы алатын боласыз.

Неліктен JOY бөліп төлеу картасын таңдау керек? — Себебі ол шопингтен ләззат алу сезімін қайтарады! Көңіл-күйіңізге сай келетін көйлек, көшетін болсаңыз – жиһаз, өзіңізді шектеу қажеттілігінсіз мереке дастарқанын жайнатып жаю.  – Бөліп төлеу картасы арқылы қажетті сатып алулар мен шығындарды ай сайынғы бюджетіңізге залал келмейтіндей етіп жоспарлауға болады.

Бөліп төлеудің ең аз мерзімі – 3 ай, ең көбі – 12 ай, карта бойынша өтеудің белгіленген мерзімдері бар болғанына қарамастан, бөліп төлеу мерзімін ұзарта аласыз, немесе керісінше жұмсалған соманы мерзімінен бұрын, шектеусіз және комиссияларсыз өтей аласыз.

Jusan Bank-тің бірегей ресурсы – JMART интернет-дүкенінде картаны «үй» режимінде қолдана аласыз.  JMART азық-түліктен бастап медициналық тексерілу бағдарламаларына дейін тауарлар мен қызметтердің кең сұрыпталымын ұсынады! Жылдам, оңай, күнделікті жоспарыңызды өзгертпестен, қарбаласқа толы күніңіздің ішінен оффлайн-шопингке уақыт іздеп әуре болмайсыз.

JOY бөліп төлеу картасы — шопингтен ләззат алу сезімі!