Байқоңыр ғарыш айлағынан 2021 жылға бекітілген ұшыру жоспарына сәйкес келесі ұшырылым 30 маусымға жоспарланған. Бұл күні «Прогресс МС-17» ғарыш жүк көлігін орбитаға шығаратын «Союз 2.1 а» зымыран тасығышын ұшыру жоспарланған.
Жаздың соңына дейін тағы үш ұшырылым жоспарланған.
15 шілдеде Халықаралық ғарыш станциясына арналған «Ғылым» зертханалық модулімен «Протон-М» зымыран тасығышы, 2 тамызда «Фрегат-М» үдемелі блогы бар «Союз-2-1Б» зымыранында OneWeb 34 спутнигі, 26 тамызда «Союз-2-1Б/Фрегат-М» зымыранында OneWeb 34 спутнигі ұшырылуы керек.
Байқоңыр ғарыш айлағынан ең көп ұшырылым 2021 жылдың күзіне жоспарланған. Тамыз-қыркүйек айларына биыл осымен екінші рет «Экспресс-АМУ3, Экспресс-АМУ7» ғарыш аппараттарымен «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыру жоспарланып отыр.
18 қыркүйекте бортында OneWeb 34 спутнигі бар «Союз-2-1Б» зымыраны ұшырылады.
5 қазанда «Союз МС-19» басқарылатын кемесі бар «Союз-2» зымыран тасығышының ұшырылымы өтеді.
28 қазанда «Прогресс МС-18» көліктік жүк кемесімен «Союз-2.1 а» зымыраны ұшырылады.
24 қарашада «Союз – 2-1-Б» зымыранының көмегімен тағы бір ғарыш кемесін – «Прогресс М-УМ-ды» ұшыру жоспарланып отыр.
8 желтоқсанда бортында ғарыштық туристері бар «Союз МС-20» басқарылатын кемесімен «Союз-2» зымыраны ұшырылмақ.
23 желтоқсанда Байқоңырдан «Фрегат-М» үдемелі блогы бар «Союз-2-1Б» зымыран-тасығышымен OneWeb 34 спутнигі ұшырылады.
Ұшырылымдар жоспары ай сайын нақтылануы мүмкін.