Басты бетҚоғамЕлімізде қанша...

Елімізде қанша адам қашықтан жұмыс істеп жатыр?

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

COVID-19 пандемиясына байланысты еңбек қызметінің баламалы нысандарын дамыту арқылы жұмыспен қамтудың сипаты өзгеріп жатыр. Бүгінде дүниежүзіндегі әрбір 5-ші адам қашықтан жұмыс істеуге көшті немесе үйінде жұмыс істей бастады.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы сарапшыларының деректеріне сәйкес, Қазақстанда 2021 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша 73,7 мың адам қашықтықтан жұмыс істеді, олардың 70,2%-і негізінен қалада тұратын әйел адамдар.

Орталықтың стратегия және жобалық басқару департаментінің директоры Александра Молчановскаяның айтуынша, қашықтан жұмыс істеген немесе жұмыс істей бастаған азаматтардың еңбек қызметі қоғамның жұмыспен қамтудың баламалы нысандарын қабылдау процесін жеделдетуге мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде Қазақстанда еркін табыс деп аталатын экономиканың дамыды, еңбек қызметіне әйелдер мен ауыл тұрғындарын белсенді араласа бастады.

Мысалы, ел бойынша әрбір 3-ші ауыл тұрғыны қашықтан жұмыс істейді және жұмыс берушілер қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің тек 14%-іне коммуникация құралдарын берген, – деді ол.