Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Қазақстанда осы жылдың үш айында 224 мыңнан астам көлік тіркелді.
2021 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстанда 224 421 жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл 2020 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,5% көп. 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3 849,9 мың бірлікті құрады, — делінген бюро таратқан хабарламада.
Ведомство мәліметінше, 2021 жылғы қаңтар-наурызда 2 621 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 968 адам зардап шеккен. Өткен жылғы дәл осындай кезеңмен салыстырғанда жол-көлік оқиғасы 4,3% азайған.
2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 8,8 миллиард теңге сомасында 19 627 сақтандыру төлемін жүзеге асырды, — делінген хабарламда.