Басты бетҚоғамҮкімет қаулысымен...

Үкімет қаулысымен қаржы вице-министрі ауысты

Ол бұл қызметке 2017 жылдың мамырынан тағайындалған еді.

Қанат Баеділов 1967 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы Алматы облыстық қаржы басқармасының Алматы облысы бойынша Бақылау-тексеру басқармасының аға бақылаушы-ревизоры болып бастаған.

Әр жылдары Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарған.

Қанат Баеділов
Қанат Баеділов. Фото: Primeminister.kz

Қаржы вице-министрі болып Марат Сұлтанғазиев тағайындалды.

Ол мұның алдында Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетін тәмамдаған.

Мамандығы бойынша — экономист-қаржыгер, заңгер, іскерлік әкімшілендіру магистрі.

Еңбек жолын 1997 жылы Салық бөлімінің заңды тұлғаларды тексеру бөлімінің бірінші санатты маманы болып бастаған. 1998-2001 жылдары Алматы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы, аға салық инспекторы, жетекші салық инспекторы, бас маман – бас салық инспекторының міндетін атқарушы болып жұмыс істеген.

2001-2010 жылдары Алматы бойынша Салық комитетінде жұмысын жалғастырған, Алматы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

2010-2012 жылдары Қаржы министрлігінде басшылық қызметтерді атқарған.

2012-2014 жылдары Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі, 2014-2017 жылдары Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, 2017 жылдың маусымнан 2018 жылдың қазанына дейін Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

Марат Сұлтанғазиев
Марат Сұлтанғазиев. Фото: Primeminister.kz