Әуежай мен теміржол вокзалына кіру тәртібі өзгерді

Көліктегі бас санитар дәрігердің жаңа қаулысында осындай норма қарастырылған.

Тәуекелі жоғары («қызыл» аймақ) өңірлерде, Ashyq жобасына қатысатын әуежайларды қоспағанда, күтіп алушылар және шығарып салушыларды әуежайлар ғимараттарына кіргізуді шектеу қамтамасыз етілсін, — делінген құжатта.

Теміржол вокзалдарына да дәл осындай талап қойылып отыр. «Қызыл» аймақтағы өңірде Ashyq жобасына қатыспайтын вокзалдарға күтіп алушылар мен шығарып салушылардың ғимаратқа кіруіне тыйым салынды.

Қаулы қол қойылған сәтінен — 11 мамыр, сағат 20.15-тен бастап күшіне енді.

Еске салайық, әуежай ғимараттарына жолаушылар Ashyq мобайл қолданбасы арқылы кіргізілетіні бұған дейін хабарланған еді.

ДереккөзҚазАқпарат