Мемлекет басшысы Ресей президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласындағы гимназияда ресейлік оқушылардың қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

Осынау қиын-қыстау сәтте балалары қайтыс болған отбасылардың ауыр қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын, – делінген жеделхатта.

Еске салайық, Татарстан астанасы Қазан қаласында Файзи көшесіндегі № 175 гимназияда белгісіз біреулер оқушылар мен мұғалімдерге оқ жаудырды. Кейінгі дерек бойынша 9 адам қаза тапты.