Қазіргі күрделі эпидемиология жағдайына байланысты Жеңіс күніне орай өтетін дәстүрлі мерекелік шараларды келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Президент отандастарымызға арнайы құттықтауын жолдайды, — деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.
Қазақстанда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің есімі ерекше құрметтеледі. Мемлекет басшысының өкімімен Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай соғыс ардагерлеріне материалдық көмек көрсетілді, — деді ол.
Айта кетейік, елімізде кейінгі тәулікте 2 587 адам коронавирус жұқтырғаны туралы хабарланған еді.
