Балтық жағалауы аудандарынан келетін кезекті циклон Қазақстан аумағы арқылы бірте-бірте жылжып, жылы және құрғақ ауа райын алмастырады. Соның ықпалымен алдымен солтүстік-батыс, одан кейін елдің қалған өңірлерінде жаңбыр жауады.
Ал 9 мамырда еліміздің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с-қа, оңтүстік және шығыс бөлігінде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Бұршақ жаууы мүмкін.
Қазақстанның оңтүстігіне әлі де жылы ауа массасы әсер ететіндіктен бұл өңір айтарлықтай салқын болмайды. Мысалы, күндіз ауа температурасы 22-30°С дейін жылиды. Алайда солтүстік облыстарда 7 мамырда температура 12-20°С дейін төмендеп, түнде үсік шалуы мүмкін.