Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы ұзартылды

ҚІЖК-нің 55, 56, 146, 151, 152-баптарын басшылыққа ала отырып, сот қаулы етті: күдікті Біртановқа қатысты үйқамақ мерзімін сегіз айға дейін ұзарту туралы өтініш ішінара қанағаттандырылсын. Біртановқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімі 2021 жылғы 14 мамырдан бастап 2021 жылғы 14 маусымға дейін (қоса есептегенде) сегіз айға ұзартылсын. Үйқамақ шарттарын өзгерту бөлігіндегі, медициналық ұйымдарға баруды қоспағанда, тұрғын үйден шығуға толық тыйым салудан бас тартылсын, — деді тергеу сотының судьясы Айбек Абу.

Бұған дейін бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сотта сөз сөйлеп, тергеу органдары оған әлі айып тақпағанын мәлімдеген еді.

Еске салайық, кеше сотта прокурор Төлеген Жарасбаев 2020 жылдың қазанынан бері қамауда отырған бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты.

21 сәуірде денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртановқа үйқамағы мерзімі ұзартылған, бірақ белгілі бір уақытта пәтерден шығуға рұқсат берілген болатын.

ДереккөзTengrinews.kz