Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, қаражат барлық соғыс ардагерінің есеп-шоттарына толығымен аударылған.
Сондай-ақ, қалалық мәслихаттың шешімімен 3 307 тыл ардагеріне 12 айлық есептік көрсеткіш, яғни 35 мың теңгеден астам бір реттік ақшалай төлем жүргізіліп жатыр. Тыл ардагерлеріне барлығы 115 миллион 758 мың теңге көлемінде қаржы бөлінген.
7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында соғыс ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға, атап айтқанда, Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер, 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдар, Семей полигоны ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған, радиация апаттары мен авариялардан зардап шеккен азаматтарға 36 АЕК (105 012 теңге) көлемінде ақшалай көмек аударылады.
Айта кетейік, бұл күні Шымкент бойынша зейнеткерлер саны – 82 124 болса, оның ішінде Отан соғысының 21 ардагері бар. 3 307 тыл еңбеккері және 1 728 Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген азамат тұрады.