Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген мурал пайда болды

Қазақстанның тұңғыш президентінің бейнесі Бостандық ауданында пайда болды. Сурет Жароков және Мыңбаев көшелерінің қиылысында орналасқан қойма сыртына салынған.

Нұрсұлтан Назарбаев, мурал, Алматы
Фото: Tengrinews.kz

Муралда Elbasy forever young деген жазу бар, бұл «Елбасы — мәңгі жас» деген мағынаны білдіреді.

Нұрсұлтан Назарбаев, мурал, Алматы
Фото: Tengrinews.kz

Алматының мәдениет басқармасы өкілдері ведомствоның бұл бейнелеу өнеріне ешқандай қатысы жоғын айтты.

ДереккөзTengrinews.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да