Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегінде жариялаған Жолдауында: «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы 2021 жылы өз жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге немесе қаржы компанияларының басқаруына беруге пайдалана алады. Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп, ағымдағы жылдың соңына дейін барлық қажетті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауды және дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырамын», — деген еді.
Осы тапсырмаға сәйкес, бүгінде 761 мыңнан астам салымшы өз жинақтарының жеткіліктілік шегінен асатын бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік алды. БЖЗҚ салымшылардың арнайы шоттарына 1,2 триллион теңгеден астам қаражат аударды.
Оның ішінде:
— тұрғын үй жағдайын жақсартуға – шамамен 1,187 миллиард теңге;
— емделуге – 4,6 миллиард теңгеден астам;
— зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға аудару туралы 1 230 өтініш орындалып, шамамен 2,8 миллиард теңге компанияларға аударылды.

Еске салайық, Қазақстан азаматтарына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығы жыл басынан бастап берілді.
Президент зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға 2 қаңтарда қол қойды.
