Қырғыз-тәжік қақтығысы: зардап шеккен қырғызстандықтар саны белгілі болды

Бұл туралы Қырғызстанның 24.kg порталы хабарлады.

Ауруханада қақтығыстан зардап шеккен 99 адам ем алып жатыр, олардың 56-сы — Бішкек азаматтары. Емделіп жатқандардың біреуінің жағдайы өте ауыр, үшеуінің жағдайы ауыр, — деді Ализа Солтонбекова.

Айта кетейік, екі ел шекарасының маңындағы қақтығыс 28 сәуір кешкісін басталған. Шекара маңындағы қырғыз және тәжік ауылдарының тұрғындары арасында жанжал болған. 29 сәуірде Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы даулы шекара аймағында қақтығыс тағы қайталанды. Қырғызстан денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ализа Солтонбекова 28-29 сәуірдегі қақтығыстан Қырғызстанның 84 азаматы жараланып, үш адам көз жұмғанын хабарлады.

1 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан және Тәжікстан президенттерімен телефон арқылы сөйлесті.

Бішкекте үкімет ғимаратының маңында қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайға байланысты митинг өтті.

1 мамырда екі тарап атысты толығымен тоқтатуға және елдерден әскерді шығаруға келісті.

2 мамырда Қырғызстан мен Тәжікстан шекара туралы хаттамаға қол қойды.