Өңір басшысы жүк көліктерінің жүргізушілерін ауа райы оңалғанша қалада болуға шақырды. «Бұл жерден артқа қарай қайтыңыздар. Қалада болыңыздар. Сіздердің өмірлеріңіз бізге қажет», — деді Бердібек Сапарбаев. Жүргізушілермен кездесуден кейін әкім жөндеу қызметінің техникамен жабдықталуын қарап шығып, жылыту пункттеріндегі жағдайды тексерді.
Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, республикалық негізгі жолдардың көбі ашылып үлгерді. Қар құрсауынан жалпы 2013 адам, 91 дана автотехника эвакуацияланды, қосымша 571 адам қауіпсіз жерге жеткізілді.