Ескендір Хасанғалиев қайтыс болды

Қайғылы хабарды мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Facebook-те естіртті.

Ардақты ағамыз, асыл ағамыз, әйгілі композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан КСР халық артисі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев өмірден озыпты. Марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Иманы саламат болсын, — деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін Ескендір Хасанғалиев пен оның зайыбы коронавирус жұқтырып, реанимацияда жатқаны хабарланған еді.

Ескендір Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда туған. Ол Қазақстанның белгiлi эстрaдaлық әншiлерi орындaйтын көпшiлiкке жaқсы тaнымaл әндердiң aвторы.

Baribar.kz редакциясы марқұмның отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.