Ескендір Хасанғалиев пен әйелі жансақтау бөлімінде жатыр

Бұл туралы әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев Instagram-парақшасында жазды.

Кейінгі уақытта қаншама қоңыраулар соғылып, ата-анамның емделу барысын біліп жатқандар өте көп. Үлкен рақмет сіздерге! 4-5 күн болды реанимацияда жатыр. Дәрігерлердің айтқан: «жағдайы қалыпты, нашарлау жоқ» — деген сөзі көп үміт және сенім береді. Алла тағала қолдасын, — деп жазды Біржан Хасанғалиев.

Айта кетейік, Біржан Хасанғалиев 10 сәуір күні ата-анасының коронавирус жұқтырып алғанын айтқан еді.

Барынша сақтансақ та, қанша қорғансақ та, коронавирус деген жаман дерт ата-анамызды да айналып өтпеді. Қасиетті Ораза айының қарсаныңда бар тілеуім, бар арманым, үлкен кісілердің тезірек жазылып, емдері шипа болып, арамызға қайтып келгені. Дәрігерлер де барын салып жатыр. Оларға сенімім мол. Аминь! Алла тағала қолдап жүрсін, — деп жазды Біржан Хасанғалиев Instagram-парақшасында.