Бұл туралы Қазақстанның клиникалық және іргелі медицина академигі, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ эпидемиология кафедрасының және Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің профессоры Сәкен Әміреев айтты.
Қазақстанда бұған дейін ресейлік «Спутник V» вакцинасы салынып келді. Бұл әлем бойынша ең сенімді вакцинаның бірі деп саналады. Сондықтан оны әлемнің 60-тан астам елі қолданып жатыр, оның ішінде Қазақстан да бар. Сонымен бірге еліміз QazVac отандық вакцинасын жасап шығарды. Ол да қауіпсіз және тиімділігі жоғары, осы екі критерий қатаң сақталған. Өйткені ол барлық сынақтан өтті, сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны қолдануға рұқсат берді,- дейді профессор.
Сонымен бірге Сәкен Әміреев отандық вакцинаға қолдау туралы айтты.
Елімізде салынып жатқан екі вакцинаның қайсысын таңдау ол өз қалауыңызда. Дегенмен біз отандық өнімді қолдауымыз керек,- деді ол.