Басты бетҚоғамАлматының Арбатында...

Алматының Арбатында азаматтарды пышақпен қорқытқандар ұсталды

Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматының Арбатында жүрген «қаскөйлер» тобы ұсталды. Топты 21 жастағы Алматы облысының тұрғыны басқарған. Олардың бірнеше рет тонау жасағандығы анықталды, — делінген хабарламада.

Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов айыпталушылар қараңғыда, өтіп бара жатқан адамдарды пышақпен қорқытып, ұялы телефондары мен бағалы заттарын алып отырғанын хабарлады.

Кейін ол заттарды қаладағы ломбардтарда сатқан. Күдіктілер жедел іс-шаралар жүргізу барысында ұсталды. Біз көрсетілген алаңдағы криминалдық полиция бөлімшесінің жұмысын, бірнеше күн ішінде жасалған екі ұқсас қылмысты талдау арқылы күшейттік, — деді Есен Ысқақов.

Оның айтуынша, тергеу аяқталғанға дейін жәбірленушілердің тізімі толығуы мүмкін.

Тоналған адамдар қандай-да бір себептермен полиция көмегіне жүгінбеуі де мүмкін. Осы адамдардың қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефондар арқылы хабарлауға шақырамыз: 8-702-430-02-22; 8-778-620-82-16 және 8-775-774-44-41. Қылмыстың қаруы – пышақ тәркіленді, — деді аудандық полиция басқармасының бастығы.

Сонымен бірге күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны хабарланды.