Облыс басшысы Махамбет Досмұхамедов Атырау қаласындағы «Геолог емханасына» барып, Қарағанды фармацевтика зауытында шығарылған «Спутник V» вакцинасын салдыртқан.
«Құрметті жерлестер! Вакцина алу арқылы ғана ұжымдық иммунитет қалыптасып, қауіпті індеттен толық құтылатынымызды түсінгендеріңіз маңызды. Қазір өңіріміз қызыл аймақта тұр. Сақтық талаптарын сақтай отырып, сіздерді де вакцина алуға шақырамын. Жақындарымыз бен айналамыздағыларды қорғау да, өздеріңіздің қорғануларыңыз үшін де — коронавирусқа қарсы вакцина алу өте маңызды»,-деді Махамбет Досмұхамбетов.
Облыс басшысы әлеуметтік желідегі жазбасы арқылы қауіпті індетпен күресіп, әрі вакцинациялау жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатқан медицина қызметкерлерінің барлығына алғысын білдірген.