Басты бетМедицинаQazVac вакцинасының...

QazVac вакцинасының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтілді

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

23 сәуірде «СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьюторының хабтарына 50 мың доза көлемінде отандық вакцинаның бірінші партиясы жеткізілді. Оның ішінде 6 000 дозаны Нұр-Сұлтан мен Алматы, 4 000 дозадан – Шымкент, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары алады, қалған өңірлерге екі мың дозадан түседі.

Вакциналарды өңірлер бойынша бөлу Ұлттық екпелер күнтізбесіне кіретін басқа да вакциналар сияқты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің келісімі бойынша жүзеге асырылады.

Бірыңғай дистрибьютор вакцинаны сақтау мен тасымалдаудың барлық жолында иммунобиологиялық препараттар логистикасына және GMP және GDP, сонымен бірге «суық тізбек» стандарттарына қойылатын талаптарды мүлтіксіз сақтайды.

QazVac қазақстандық вакцинасының ерекшелігі, оны жеткізу процесі күрделі тоңазытқыш қондырғыларды қажет етпейді және плюс 2-8 градус температурада тасымалданады.

QazVac вакцинациясы екі кезеңде жүргізіледі, сондықтан вакцинаның 50 мың дозасы 25 мың адамды вакцинациялауға есептелген.

25 сәуірдегі жағдай бойынша QazVac вакцинасы Шығыс Қазақстан облысынан басқа барлық өңірге жөнелтілді, ал Шығыс Қазақстан облысына ол 26 сәуірден кейін келеді.

Белсенді емес вакцина химиялық заттардың әсерінен бейтараптандырылған вирус негізінде жасалады.

QazVac — қазақстандық COVID-19 екпемен вакцинациялау 21 күн аралықпен екі рет жүргізіледі.

Вакцинациялау алдында медицина қызметкері міндетті медициналық қарап-тексеруді жүргізеді — анамнез тексеріледі, дене температурасы, қысым өлшенеді. Вакцинациядан кейін екпе алған адам медицина қызметкерлерінің бақылауында 30 минут тұруы керек.