Сіз біздің заманымыздың нағыз ержүрек батырысыз. Сіздің ерлігіңіз құрметке лайық. Өйткені әркім өз өмірін қатерге тігіп, өзге адамның өмірін сақтап қала алмайды, — деді Юрий Ильин.
Ақылбек өзін батыр санамайды. Оның сөзінше, кез келген адам осындай қадамға барар еді.
Өрт 23 сәуірде сағат 14.00 шамасында Петров көшесі, 5-үйде тіркелген. Бала үйде жалғыз болған.
Ақылбек өрт сөндіру қызметі келгенге дейін баланың айғайлап, көмек сұрап, жылағанын естіп құтқаруға кіріскен.
Үйдің 5-қабатына жылдам көтеріліп, ашуға мүмкін болмаған темір есіктің ар жағында баланың жылап жатқанын естиді. Ақылбек ойланбастан 4-қабатқа түсіп, көршілерінен терезеге өтуді өтінген. Терезеден шығып, баламен сөйлесе бастайды. Өрт сөндірушілерді күте аласың ба деп сұраған, ол күте алмайтынын және түтіннен тұншыға бастағанын айтқан. Сонымен Ақылбек баланы қолына секіруге көндіреді. Бала қорқынышпен терезеден секіруге бел буады, Ақылбек оны бірден ұстап алды.
Мен өзім туралы мүлдем ойламадым, тек баланы құтқаруды ойладым, — дейді ол.
Ақылбек Қыпшақбаев 1987 жылы Шымкентте туған, үйленген, төрт баласы бар.

Юрий Ильин Ақылбек Қыпшақбаевқа «Өрттегі ерлігі үшін» медалін табыстап, отбасына бақыт пен амандық тіледі.
