Басты бет / Жаңалықтар /
9a2bfedf4d6e5ee8d674e1bb7ec6250a 2020 жылы баспасөзде жарық көрген ең үздік фотосуреттер
Фото: Pablo Tosco / 2021 World Press Photo Contest

2020 жылы баспасөзде жарық көрген ең үздік фотосуреттер

1. Үздік фото — «Алғаш рет құшақтасу»

f3e23ff416db8dff8ff031de1e676a45 2020 жылы баспасөзде жарық көрген ең үздік фотосуреттер
Фото: Мадс Ниссен, Дания

Бразилияның Сан-Паулу қаласындағы қарттар үйі. Адриана Силва да Кошта Суза деген медбике 85 жастағы Розу Лусию Лунардиді құшағына алып тұр. Қарт кісі 5 айдан бері бірінші рет құшақтасқан екен. Өйткені пандемия кесірінен 2020 жылдың наурызында Бразилиядағы қарттар үйінде келушілерге кіруге тыйым салынған еді. Бұл фото «Жаңалықтар» санаты бойынша да бірінші жүлдені алды.

2. Үздік фоторепортаж

634ee08d3fdf18cf6fa1c23b66060d42 2020 жылы баспасөзде жарық көрген ең үздік фотосуреттер
Фото: Антонио Фаччилонго, Италия

Habibi фоторепортажы палестино-израиль қақтығысындағы махаббат хикаялары туралы баяндайды. Habibi араб тілінен «Махаббатым» деп аударылады. Фоторепортаждың бір суреті мынау: Израиль түрмесінде жатқан Наел әл-Баргутидің костюмі. Фотодағы тұтқынның барлық затын әйелі Иман Нафи сақтап отыр. Наел әл-Баргути 1978 жылы сотталып, 2011 жылы босатылған еді. 2014 жылы қайта тұтқынға алынып, өмір бойы түрмеде отыратын жазаға кесілді. Осы уақытқа ол 40 жылын темір тордың ар жағында өткізген, бұл — Палестина тұтқыны абақтыда отырған ең ұзақ уақыт.

3. Қазіргі проблема. Бірінші орын

9a2bfedf4d6e5ee8d674e1bb7ec6250a 2020 жылы баспасөзде жарық көрген ең үздік фотосуреттер
Фото: Pablo Tosco / 2021 World Press Photo Contest

Фотодағы Фатиманың тоғыз баласы бар. Әйел оларды балық аулап асырайды. Бұл күйге түсуіне ең әуелі 2014 жылы басталған Йемендегі әскери қақтығыс себеп болған. ЮНИСЕФ бұл конфликтіні «ең ірі гуманитар дағдарыс» деп атады. 2020 жылдың басында елдің үштен екісіне (20 миллионнан астам адам) азық-түлік жағынан көмек керек болды. Оған қоса пандемия мен табиғи апаттар кесірінен халықтың жағдайы тіпті нашарлап кетті. Фатиманың ауылында соғыс болып, қирады. Дегенмен әйел ауылына оралған екен. Балық аулаудан түскен ақшаға қайық сатып алыпты.

4. Қазіргі проблема. Фоторепортаж — «Сахавуд»

Фоторепортаж «Бес сиыры бар Бэйбэрикээн әжей» деген халық ертегісі желісі бойынша түсірілген якут фильмінің түсірілімі жайлы баяндайды. Якут киноиндустриясы жылына жетіден 10-ға дейін толықметражды фильм түсіреді. «Савахуд» «Голливудтың» баламасы саналады. Картиналар бюджеті $12 мыңнан $120 мыңға дейін барады. Кейінгі жылдары якут картиналары Финляндия мен Оңтүстік Кореядағы фестивальдерге қатысып, жүлделі болып жүр.

5. Қоршаған орта. Бірінші орын

3bb3b7c944ffe969532c93f16b40049f 2020 жылы баспасөзде жарық көрген ең үздік фотосуреттер
Фото: Ральф Пейс, АҚШ

АҚШ-тың Монтерей қаласында дайвингіге арналған орында теңіз арыстаны медицина маскасымен ойнап жүр. Пандмеия кесірінен шетелге саяхаттай алмай қалған туристер жергілікті аймаққа бара бастады. Көп жерде маска тағу міндеттелді. Қолданылған маска мен қолғаптар көрінген жерге тасталып та жатты.

Жануар қорғаушылар жыл сайын 136 мыңдай итбалықтың, теңіз арыстаны мен киттің шатасып, пластик қалдықтарын жұтып, өлетінін айтады. Ал суға тасталған медицина маскалары ақыр соңында миллиондаған микропластикалық бөлшектерге ыдырап, балықтар мен теңіз жануарлары тағамына енеді.

6. Қоршаған орта. Фоторепортаж. Бірінші орын — «Пантанал өртеніп жатыр»

a8781c1c102ec0caeca4138be549aa13 2020 жылы баспасөзде жарық көрген ең үздік фотосуреттер
Фото: Лалу де Альмейда

Бразилиядағы Пантанал — әлемдегі ең батпақты аймақ (160 мың шаршы шақырымға дейін). Ол 2020 жылы өртенді. Өртке елдегі экологиялық бақылаудың әлсіреуіне байланысты болған кейінгі 50 жылдағы қуаңшылық пен от түскен егін себеп болды.

7. Жаңлықтар. Фоторепортаж. Бірінші орын — «Жоғалған жұмақ»

b4a9cb9cf497f46f607b75ff487b9705 2020 жылы баспасөзде жарық көрген ең үздік фотосуреттер
Фото: Валерий Мельников

«Жоғалған жұмақ» фоторепортажы 2020 жылдың күзінде басталған Қарабақтағы жаңа жанжал туралы баяндайды. Бұл қақтығысы мынадай келісіммен аяқталды: Әзербайжан бұрын Армения бақылауында болған бірнеше ауданды алатын болды. Осыдан соң Таулы Қарабақтың біраз азаматы өздері тұратын жер Әзербайжан бақылауына өтпей тұрып үйлерін өртеп жіберген.

8. Табиғат. Бірінші орын

72fc0fe374f17b878975ff36c8a16dc0 2020 жылы баспасөзде жарық көрген ең үздік фотосуреттер
Фото: Эми Виталь

Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар Ротшильд жирафтарын Батыс Кениядағы су басқан аралдан эвакуациялау сәті. Лонгичаро аралы бастапқыда түбек болған, бірақ Баринго көліндегі су көтеріліп, түбек аралға айналды. 2019 жылы қатты жаңбырдан су тасып, аралда тоғыз жираф қалып қойған. Жануарларды эвакуациялау үшін баржа салынды. Оларды тамақ беріп жүріп, өткізу мүмкін емес болды, өйткені жаңбыр жауған соң жирафтар тұрып жатқан аралда тамақ молайған. Сондықтан жирафтарды транквилизаторлар беріп тыныштандырып, басына капюшон кигізіп, арқан арқылы баржаға апаруға тура келген.

9. Табиғат. Фоторепортаж. Бірінші орын — «Пандемия көгершіні. Махаббат тарихы»

d6814d2091c615f50bd35b15948aa7a2 2020 жылы баспасөзде жарық көрген ең үздік фотосуреттер
Фото: Яспер Дуст, Нидерланды

Нидерландының Влаардинген қаласында адамдар пандемия кесірінен үйінен шықпай отырғанда фотографтар отбасы көгершіндермен достасқан .Көгершіндерге Олли мен Долли деген ат беріліпті. Құстардың үйге келуі авторларға адамзат планетада жалғыз емес екенін еске салған екен. Фотода фотографтың қызы Мерел.

10. Портрет. Бірінші орын — «Өткел. Игнат»

95a373dc541e66bf75886a60d4f44678 2020 жылы баспасөзде жарық көрген ең үздік фотосуреттер
Фото: Олег Пономарев, Ресей

Игнат — трансгендер ер адам. Фотода кездесіп жүрген қызы Мариямен Санк-Петербургте.

Игнат мектеп психологына өзінің жыныстық ерекшелігі туралы айтқан соң оқушы кезінде қудалау көрген.

11. Портрет. Фоторепортаж. Бірінші орын — The Ameriguns

a3e3b7d09ebdc4c44413bfad04a1ba2d 2020 жылы баспасөзде жарық көрген ең үздік фотосуреттер
Фото: Габриэле Галимберти, Италия

Луизиана штаты (АҚШ) тұрғыны Торрелл Джаспер — бұрынғы теңіз жаяу әскері. Оған әкесі кішкентай кезінен қару ұстап үйреткен.

Small Arms Survey зерттеуі бойынша, әлем бойынша әскери емес мақсаттағы азаматтарға тиесілі барлық атыс қаруының жартысы АҚШ-та екен. Азаматтардың қару ұстау құқығына АҚШ конституциясына екінші рет енген түзету кепілдік береді. Қару ұстауды жақтайтындар оны өзін қорғау үшін қажет екенін және қару ұстау қылмысты азайтатынын айтады. Gun Violence Archive тәуелсіз тобы дерегі бойынша, елде 2020 жылдың өзінде 600-ден астам жаппай атыс болған.

12. Спорт. Бірінші орын

a35469bc0481974c3bbbf95e36e63ecc 2020 жылы баспасөзде жарық көрген ең үздік фотосуреттер
Фото: Адам Претти, Австралия

Спортшы Кохель-ам-Сидегі (Бавария, Германия) боулдеринг жаттығуы кезінде үйінді бөренелерге өрмелеп бара жатыр. Боулдеринг — кішігірім соқпақтарда жартасқа өрмелеу. Пандемияға байланысты Бавариядағы спорт залдары мен спорт ғимараттары жабылды, ал спортшылар жаттығудың басқа жолдарын іздеді.

13. Спорт. Фоторепортаж. Бірінші орын

23092839276e649a8c6b4a993fb7bd75 2020 жылы баспасөзде жарық көрген ең үздік фотосуреттер
Крис Донован, Канада

Фоторепортаж АҚШ-тың Флинт қаласындағы Flint Jaguars баскетбол командасы туралы баяндайды. Қалада 10 жылдан бері төрт мектеп командасы бірінші болуға таласып келді. Flint Jaguars 2017 жылы қалған екі команданың бірігуі арқылы құрылды. 2020 жылы олардың жеңіске жетуге аз қалған еді, бірақ пандемия басталып кетіп, баскетбол маусымы жабылып қалды. Фотода команданың ойыншысы бөлмесінде жатыр, 2020 жылдың 27 ақпаны.

14. Шұғыл жаңалықтар. Бірінші орын

dd28aa20906e41f41d12be592379a8b3 2020 жылы баспасөзде жарық көрген ең үздік фотосуреттер
Фото: Эвелин Хокстейн, АҚШ

Фотода әйел мен ер адам Вашингтондағы Линкольн паркіндегі Азаттық мемориалын бұзуға қатысты дауласып тұр.

Ескерткіште АҚШ президенті Авраам Линкольннің Құлдықты жою туралы үндеу қағазын ұстап тұр. Ал аяқ жағына таман беліне арқан байланып, тізерлеп отырған қара нәсілді адам мүсінделген. Ескерткішті бұзуды қолдайтындар оны афроамерикалықтарды қорлайды десе, бұзуға қарсылар туындының құлдықты жоюды ғана көрсететінін және ескерткішті алып тастау тарихты да өшіру екенін айтады. Былтыр жазда АҚШ-та расизмге қатысты елдегі барлық тарихи ескерткішті алып тастауға қатысты шеру көптеп өтті. Бұл Black Lives Matter қозғалысы аясында болды.

15. Шұғыл жаңалықтар. Фоторепортаж. Бірінші орын

278dd00dae3343a1d327b2f458862889 2020 жылы баспасөзде жарық көрген ең үздік фотосуреттер
Фото: Лоренцо Туньоли, Италия

Бейрут портындағы жарылыс туралы фоторепортаж. 4 тамыздың кешінде портта 2013 жылы Rhosus кемесінен тәркіленген 2,7 мың тоннадан астам аммиак селитрасы жарылды. Кемінде 190 адам қаза тапты, 6 мың адам жарақат алды.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram