Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Каспий теңізі жағалауынан (Түпқараған ауданына қарасты «Көсе» деген жер, ел ішінде «Досхана қорасы» аталып кеткен жер) 20-ға жуық бас түйенің өлексесі табылды. Мамандар бұл жануарлар ерте көктемде суға батып кеткен болуы керек деп болжады. Бүгін қатты толқын көтеріліп, жануарлардың денесін жағаға шығарып жіберген, — делінген хабарламада.
Өңір әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір аудан әкімдігі, облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен аудандық ветеринария станциясының қызметкерлері өлген түйелердің денесін жойып жатыр.