Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Елімізде тағы екі өңір коронавирус бойынша “қызыл” аймаққа кірді

Фото: Күнту Арынбек

Қызылорда мен Маңғыстау облыстары коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа кірді. Ал Солтүстік Қазақстан облысында эпидемиология ахуалы жақсарып, «сары» аймақтан «жасылға» өтті.

Осылайша, коронавирус бойынша «қызыл» аймақта Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы және Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстары тұр.

«Сары» аймақта: Жамбыл, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары.

Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары «жасыл» аймақта орналасқан.

Елімізде тағы екі өңір коронавирус бойынша “қызыл” аймаққа кірді

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 2 696 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 26 науқас қайтыс болды.