Басты бетҚоғамЕнді ЖОО...

Енді ЖОО базасында Halyk Bank үшін білікті мамандар дайындалады

Клиенттердің қажеттігі үшін жоғары технологиялық цифрлы сервистерді дамыта отырып, Halyk Bank ел ауқымында мықты кадр резервін құруға мүдделі. Осы бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр. Өткен жұмада Қазақстан-Британ техникалық университетінде Halyk Academy зертханасы мен коворкинг аймағының ресми ашылуы өтті. Осылайша, Halyk Bank ҚБТУ-мен бірлесіп бастаманы іске қосты. Енді ЖОО базасында еліміздің ірі банкі үшін білікті мамандар дайындалады.

Академия базасында студенттер Microsoft корпорациясының Azure бұлтты платформасы арқылы бағдарламалау тілдері мен технологияларға қол жеткізе алады. Бұлтты зертхана университет оқытушылары мен студенттеріне кез келген практикалық сабақтар мен зертханалық жұмыстарды жүргізуге, IT-жобаларды әзірлеуге, курстар немесе кәсіптік оқыту жүргізуге, жоғары технологиялық бұлтты платформаның қауіпсіз ортасында кез келген масштабтағы хакатондар мен демонстрациялар өткізуге мүмкіндік береді.

Halyk Bank басқарма төрағасының бірінші орынбасары Антон Мусин қаржы технологиясы қарқынды дамып келе жатқан бизнес саласы екенін айтады.

Бұл — тез өзгеретін технологиялар мен техникалық жабдықтардың арқасында үнемі және қарқынды дамып келе жатқан бизнес саласы. Бұл салаға жақсы оқытылған, дайындалған, жоғары білікті кадрлар қажет, олар жоғары оқу орындарын бітіріп, өндірістік және технологиялық процеске оңай енеді. Halyk Bank болашаққа қарайды. Сондықтан Halyk Academy жобасын белсенді дамытып жатыр. Біз материалдық-техникалық базаны дамытуға, ҚБТУ және ХАТУ сияқты жоғары оқу орындарының студенттерін даярлау мен білім беруге қосқан үлесі нәтижесінде алдыңғы қатарлы банк технологияларымен жұмыс істеудің практикалық дағдылары бар сауатты мамандар алуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз, — деді Антон Мусин.

Оның айтуынша, бұл — ұзақ мерзімді жоба. Ол банкке де, жоғары оқу орындарына да, ең әуелі, өз идеялары мен инновацияларын нақты стартаптарға, ал банк индустриясы үшін неғұрлым ауқымды IT-жобаларға іске асыруға бірегей мүмкіндік алатын студенттерге қызық.

Фото: «Қазақстан Халық Банкі» PR-қызметі

Болашақта Halyk Bank ҚБТУ оқу бағдарламасының бір немесе бірнеше тректерінің бірлескен әзірлеушісі болуды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде оқыту бағдарламасына нарықта сұранысқа ие ең трендтік технологиялар мен бағдарламалау тілдері енгізілген.

ҚБТУ ректоры Кенжебек Ибрашевтың айтуынша, жоғары білімнің маңызды бағытының бірі студенттердің университет зертханаларында және компаниялардағы тағылымдамаларда алатын практикалық тәжірибесі

Кез келген университеттің негізгі міндеті — нарыққа қажетті мамандарды дайындау. Halyk Academy білім мен бизнесті біріктірудің жақсы үлгісі болады. Оқу зертханасы мен коворкинг студенттерге қажет практикалық дағдыларды дарытуға және оларды банк технологиялық стэкімен таныстыруға арналған. Бұл студенттерге жұмыс ортасына тезірек интеграциялануға және оқу кезеңінде барлық қажет технологиямен танысуға, сондай-ақ одан әрі тағылымдамадан өтуге және жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы зертханалар осылай меңгерілуі керек. Halyk Bank-пен біраз уақыт бұрын пайда болған Halyk Academy құру идеясы қазір жүзеге асып жатыр. Көптеген басқа IT жоба сияқты — бұл идея біздің техникалық Альма матердің дәстүрінен бастау алады, — деді Кенжебек Ибрашев.

Ол банк пен университет ұзақмерзімді ынтымақтастық жолының басында тұрғанын және бұл академия одан әрі дами түсетініне сенімді екенін айтты.

Фото: «Қазақстан Халық Банкі» PR-қызметі

Microsoft корпорациясының Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі білім беру секторымен жұмыс жөніндегі басшысы Нұрлан Жәнібектің айтуынша, Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесімен өзара іс-қимылдың басым бағыты — нарықтың қажетінен туған барлық мүдделі әріптес арасында табысты синергияны құру.

Жобаның әрбір қатысушысының индустриялық құзыретін ескере отырып, өзара іс-қимылдың осы моделі банк пен нарық үшін экономиканың цифрлы трансформациясының сын-қатеріне дайын, сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті және сертификатталған IT-мамандарын ұсынады. Halyk Bank, ҚБТУ университеті және Microsoft-ың бірлескен күш-жігері арқасында біз жоғары оқу орнының әрбір студентіне және банкке көп жетістікке жетуге көмектесетін бірегей және болашағы бар жобаны іске қостық, — деді Нұрлан Жәнібек.

Алдағы уақытта жоба дарынды жастарға Орталық Азияның ірі қаржы институты — Halyk Bank-те тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. Бұл үшін Halyk Bank-те бірнеше жылдан бері HalykStar тағылымдама бағдарламасы табысты жұмыс істеп келеді.

Анықтама үшін:

Halyk Academy Halyk Bank пен бірнеше қазақстандық жоғары оқу орны (ҚБТУ және ХАТУ) бірлескен жобасы бейіндік технологияларды дамыту перспективаларын ескере отырып, оңай жаңартылатын теңдестірілген икемді және мобильді оқыту бағдарламасын құруға мүмкіндік береді. Жоба Halyk Bank біліктілік талаптарына сай келетін кандидаттардың тұрақты легін ұйымдастыруға; тағылымдама бағдарламаларын (онлайн-ассесменттер, кандидаттарды бағалау үшін тестілеу) ұдайы жетілдіруге; банктің басымдықтарына сәйкес бизнес-кейстерді пысықтау үшін университеттер базасында R&D орталықтарын ашу үшін негіз жасауға мүмкіндік береді; университеттердің оқу бағдарламаларына банк технологияларының стектерін енгізу, жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларын банк басымдықтарына бейімдеу; білім беру мен банк индустриясы арасындағы қашықтықты айтарлықтай қысқартуды көздейді.