Бұл туралы Vesti.kz порталы хабарлады.
Инсайдер Крис Мэнникстің айтуынша, тараптар жекпе-жек туралы келіссөз бастады. Ал кәсіпқой бокс кеші Жапонияда 31 желтоқсанға жоспарланған.
Бұл ақпаратты Геннадий Головкинмен бірге жұмыс істейтін промоутер Эдди Хирн да растады. Бұл ретте Matchroom Boxing басшысы қазақстандық боксшы жазда орта салмақтағы тағы бір чемпион — WBO белбеуінің иегері америкалық Деметрис Андрадемен (30-0, 18 КО), ал қыста Риото Муратаvty (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізеді деп үміттеніп отыр.
Еске салайық, Геннадий Головкин былтыр желтоқсанда АҚШ-та поляк Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутқа түсіргеннен бері рингке шықпады. Сол кезде ол 21-рет әлем чемпионы атағын қорғаған еді.