Зейнетақы мөлшері қалай артады?

Министрдің айтуы бойынша, 1 қаңтардан бастап зейнетақы 9%-ға көтеріледі. 1 шілдеде тағы да 11%-ға көтеріліп, толықтай алғанда жылына 20%-ға артады.

Бала тууына байланысты берілетін жәрдемақы бойынша 1 қаңтардан 7%, ал 1 шілдеден 13%-ға көтеріп, толықтай алғанда 20 пайыз болады. Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аталған жәрдемақы мен зейнетақыны көбейту туралы тапсырма берді.

Сонымен қатар, Тамара Дүйсенова ел бюджетінен бұл мақсатқа қанша ақша жұмсалатындығын да нақты түсіндіріп берді.

«Бізде зейнеткерлер 2 млн адам және шамамен 300-400 мың бала бар. Егер, барлығын қосып санайтын болсақ, шамамен 90 млрд теңге қажет. Қазір біз мұны  Қаржы министрлігімен бірге санаудамыз», — деп атап өтті.

Дүйсенованың айтуынша, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы тағайындау ең төмен күнкөріс деңгейі мен жұмыс өтіліне байланысты тағайындалады.

ДереккөзҚазАқпарат