Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Серік Шәпкенов Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің жүргізіп жатқан жұмыстары, атап айтқанда халықтың табысы мен еңбекақыны арттыруға, тұрғындарды жұмыспен қамтуға, еңбек қатынастарын реттеуге және азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етуді жетілдіруге бағытталған жұмыстары бойынша есеп берді.
Сонымен бірге министр президентке еңбек нарығындағы заманауи үрдістер, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету шаралары жөнінде мәлімет берді.
Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев салалық ведомство басшысына бірқатар нақты тапсырма берді.