Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Кинотеатрлар мен банкет залдарының жұмысына қайтадан рұқсат берілді

Иллюстрация: Baribar.kz

Құжатта «Ashyq» пилоттық жобасын қолдану арқылы театрлар мен караокелердің, банкет залдарының қайта жұмыс істеуіне рұқсат берілген.

«Республика аумағында «Ashyq» жобасына қатысушыларды кеңейту мақсатында мыналарды жобаға енгізуге рұқсат етілсін:

Бірінші кезеңде 14 сәуірден бастап:

  • кинотеатрлар;
  • театрлар және филармониялар;
  • банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі нысандарды қоспағанда қоғамдық тамақтану нысандары; ерікті қатысушылар;

Екінші кезеңде 21 сәуірден бастап:

  • облысаралық және қалааралық жүйелі месе (туристік) тасымалдар;
  • бильярд клубтары; концерт залдары;

Үшінші кезеңде 5 мамырдан бастап:

  • караоке;
  • жасыл аймақтағы банкет залдары (толтырылуы бір залда 50 адамға дейін, 1 келушіге кемінде 4 ш. метр), — делінген құжатта.

2021 жылғы 26 сәуірден бастап кәсіпкерлік нысандарында «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру аяқталады және жоба Қазақстанның барлық өңірінде таратылады.

Сонымен бірге «Ashyq» пилоттық жобасын йога орталықтары мен фитнес-клубтарда, спа-орталықтарда, сауналар мен бассейндерде, компьютер клубтарында (16 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда) және боулинг орталықтарында іске асыруды жалғастыру жазылған.

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысын мына жерден оқуға болады.

Тағы оқыңыз: Ashyq мобайл қосымшасын қолдануға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Мақалаға реакция