Басты бетҚоғамПрезидент ұлттық...

Президент ұлттық экономика министріне бюджетке қатысты тапсырма берді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Әсет Ерғалиев мемлекет басшысына экономиканың нақты секторындағы ахуал және жалпы ішкі өнімге қатысты болжамдар жөнінде баяндады. Сонымен бірге ортамерзімді перспективадағы экономиканың сапалы әрі орнықты дамуын қамтамасыз етудің негізгі жолдарын ұсынды.

Министр шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі президент тапсырмасының орындалуы туралы баяндады.

Кездесу барысында макроэкономикалық тұрақтылықты және өңірлік дамудың тепе-теңдігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларға баса мән берілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрге бюджет саясатының тиімділігін арттыруға, өңірлік саясатты жетілдіруге және өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.