Ербол Қарашөкеев қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Ербол Қарашөкеев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазіргі заманғы гуманитарлық институтты тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі — экономист, бакалавр академиялық дәрежесімен менеджмент саласындағы маман, экономика магистрі, заңтану бакалавры.

Еңбек жолын 1998 жылы Статистика агенттігі Талдау және конъюнктуралық зерттеулер басқармасының бас маманы болып бастаған.

1999-2001 жылдары Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің консультанты болып, 2001 жылдан бастап 2003 жылға дейін коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

2003-2006 жылдары «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамы Қаржы департаментінің директорының міндетін атқарушы, директоры – басқарма мүшесі болды.

2006-2007 жылдары Қаржы министрлігінің жиынтық-талдау департаментінде жұмыс істеді.

2007 жылы қаңтар-шілде аралығында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

2007-2009 жылдары «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі болды.

2010-2012 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы» РМК директоры қызметін атқарды.

2012-2013 жылдары «ҚБТУ мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институты» ЖШС бас директоры болды.

2013-2016 жылдары «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасарынің міндетін атқарды.

2016-2019 жылдары Президенті әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2019 жылдың қаңтар-сәуір аралығында Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы болды.

2019 жылы сәуірден 2021 жылдың наурызына дейін «ҚазАгро» холдингі» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.

2021 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Президенті әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі орынбасарының міндетін атқарды.