Елде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша рекорд жаңарды

Алдыңғы күнге қарағанда 108 адам көп жұқтырған. Ең көп дерек Алматыда (709+) және Нұр-Сұлтанда (591+) тіркелді.

Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Алматыда — 41079 (+709),

Нұр-Сұлтанда – 35592 (+591),

Шығыс Қазақстан облысында — 23319 (+60),

Павлодар облысында — 19475 (+42),

Атырау облысында — 19872 (+131),

Қарағанды облысында — 19096 (+210),

Ақмола облысында – 16100 (+103),

Батыс Қазақстан облысында – 16267 (+127),

Алматы облысында — 16589 (+355),

Қостанай облысында — 14161 (+33),

Солтүстік Қазақстан облысында — 13323 (+46),

Шымкентте -7557 (+88),

Жамбыл облысында – 6739 (+49),

Ақтөбе облысында — 6604 (+202),

Түркістан облысында – 4685 (+24),

Маңғыстау облысында — 4689 (+30),

Қызылорда облысында — 4372 (+42).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 269 519-ға жетті. Оның 234 057-і жазылып шықты, 3 221 пациент қайтыс болды.

COVID-19 белгілері бар пневмония

9 сәуірдегі мәлімет бойынша 102 жаңа дерек тіркелді, 5 жағдай өліммен аяқталды, 159 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 51 362 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды. Оның 49 997-і жазылып шықты, 727-і қайтыс болды.