Атырауда «Ауызашар қоржындары» таратылады

«Иманғали» орталық мешітінің наиб-имамы Арман Исаев бұл шараның пандемияға байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отырғанын атап өтті.

«Ауызашар қоржындарын мешіттерге ақшам намазына келген жамағатқа таратып беру жоспарланып отыр. Егер жетімдер үйі, қарттар үйі секілді әлеуметтік нысандарда ауыз бекіткендер болса, ол азаматтар үшін арнайы тізім жасақтап, ауызашар қоржындарын жеткізіп отыратын боламыз. Осы ретте, ауызашар беруге ниетті азаматтар, мешіт қолға алып отырған «ауызашар қоржыны» жобасына да атсалыса алады» деп нақтылады орталық «Иманғали» мешітінің наиб-имамы Арман Исаев.

Айта кетейік, биыл ораза 13 сәуірде басталады. Пітір садақа көлемі – 420 теңге.