Вице-министр: Биыл ауқымды көктемгі су тасқыны қаупі жоқ

Бұл туралы экология, геология және табиғи рестурстар вице-министрі Серік Қожаниязов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

«Қазгидрометтің» мәліметі бойынша бүгінде Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар еру үрдісі жүріп жатыр. Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында қар толығымен еріп кетті. Ал Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының жазық жерлеріндегі қар түгел еріді. Алайда, егер Қазақстан аумағының жазық бөлігінде су басу қаупі тек көктемгі  су басу кезінде болса, елдің таулы бөлігінде (ШҚО, Алматы, Жамбыл, Түркістан  облыстарында) су тасқынының қаупі тауларда қар толық ерімеуіне және қатты жауын-шашын болуына байланысты қауіп әлі сақталады, — деді вице-министр.

Экология, геология және табиғи рестурстар вице-министрі Серік Қожаниязовтың айтуына қарағанда, биыл көктем мезгілінде суық күндер ұзаққа созылды. Сондықтан наурыз айында қар әдеттегі уақыттан баяу еріген.

Осыған байланысты Қарағанды, Ақмола, СҚО Қостанай, Ақтөбе Батыс Қазақстан облыстарында қар еру процестері әлі сақталып отыр. Бір сөзбен айтқанда, «Қазгидрометтің» мәліметі бойынша, биыл 2015-2017 жылдардағыдай ауқымды су тасқыны қаупі жоқ. Бірақ, температураның күрт көтерілуі және қатты жауын-шашын болған кезде Қарағанды, Ақмола, Қостанай, СҚО, ШҚО, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында ішінара су басу жағдайлары тіркелуі мүмкін, — деді Серік Қожаниязов.

Вице-министр су тасқыны қаупінің алдын-алу үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Оның айтуынша, Су ресурстары комитетінде, «Қазсушар» мемлекеттік кәсіпорны мен оның өңірлік филиалдарында су тасқынына қарсы комиссия құрылған.