Еліміздің үш өңірінде су тасқыны болуы мүмкін

«Қазгидромет» РМҚ мамандарының болжамы бойынша алдағы үш тәулікте оңтүстік өңірлерде ауа температурасы көтеріледі. Жауын-шашын мол түседі.

Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстарында оң температура және қатты  жауын-шашын болжамына байланысты таулы өзендерде 2021 жылдың 26-28 наурыз аралығында жоғары қарқынды еріген қар-жаңбырлы су тасқынының өтуі күтіледі, — делінген хабарламада.

«112» құтқару қызметі 26-27 наурыз күндері қар көшкіні қаупіне байланысты алматылықтардан тауда абай болуды үндеді.

Айта кетейік, мұның алдында алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатынын, барлық өңірде жауын-шашын түстетінін хабарлаған едік.