Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Коронавирус бойынша төрт өңір ғана «жасыл» аймақта қалды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бүгін, 9 сәуірде Маңғыстау мен Солтүстік Қазақстан облыстары коронавирус бойынша «жасыл» аймақтан «сарыға» өтті.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары бар.

«Сары» аймақта: Шымкент пен Қызылорда, Павлодар, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

Ал қалған өңірлер (Қостанай, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары) «жасыл» аймақта.

Коронавирус бойынша төрт өңір ғана «жасыл» аймақта қалды

Айта кетейік, елімізде кейінгі тәулікте 2 440 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.

Мақалаға реакция