2021 жылы бакалавриат пен магистратураға қанша грант бөлінді?

Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Биылғы мемлекеттік тапсырысты ұйымдастыру бойынша тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз. Жазда бакалавриатқа 51 500 грант, ал магистратураға 13 500 грант бөлінеді. Грантты алу конкурсына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуден міндетті түрде өтіп, тапсырылған сертификатты өз еркімен тиісті базаға тіркеп, конкурсқа қатысады, — деді Асхат Аймағамбетов.

Ведомство басшысы сонымен бірге былтырдан бастап магистратураға грантқа түсу форматы өзгергенін айтты.

Біз магистратура бойынша да екі жылдан бері ҰБТ сияқты тестілеу форматында өткізіп жатырмыз. Бұның алдында әр университет өздері билеттерін дайындап, тапсырмаларын әзірлеп, өздері тексеріп, өздері шешім қабылдайтын. Бұнда әртүрлі тәуекелдер болды. Сондықтан біз магистратураға қабылдау рәсімін өзгерттік. Енді былтырдан бастап магистратура электронды форматта нақты тестілеудің нәтижесінде, яғни орталықтандырылған тест нәтижесінде өткізіліп, алған балл бойынша грантты алуға мүмкіндігі болады, — деді министр.

Тағы оқыңыз:

Биылғы мектеп түлегі ҰБТ жөнінде не білуі керек?

ҰБТ-2021: түлектер қай пәнді таңдап, қандай мамандыққа түсе алады?