Алматыда ғимарат өртенді

Tengrinews.kz-тің мәліметінше, өртті 60 адам сөндірді.

Бүгін, 4 сәуірде 13.22-де өрт сөндірушілер Алатау ауданы, Рысқұлова даңғылы, 258 мекен-жайындағы ғимаратты сөндіруге барды.

Оқиға орнына 5 минутта жеткен кезде 2 қабатты ғимарат жанып жатты. Газ және түтіннен қорғау қызметі ғимаратты тексергенде адамдар табылмады. Өрт болған жерге 18 техника мен 60 жеке құрам жұмылды, — деді қалалық ТЖД қызметкерлері.

Сағат 13.58-де өрт ауыздықталған. Өрт орнынан көлемі 25 литр газ балоны шығарылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да