Қызылорда әкімі басқа қызметке ауысты

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. РФ президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.

Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

1998-2005 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2005–2007 жжылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.

2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.

2008-2013 жылдары Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.

2013-2021 жылдары Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.

2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.