Атырауда автокөлік жолағы сызылады

Жұмысты байқауды жеңіп алған «Атырау ДорЗнак» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізетін болады. Атап айтқанда, қала көшелерінде термопластикадан ұзындығы 10 000 шаршы метр жолақтары сызылады.

Сонымен қатар, жыл ішінде 2000 жол белгісі жаңадан қойылады деп жоспарлануда. Аталған жұмыстар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жүзеге асырылып отыр.

Айта кетейік, өткен жылы 9000 шаршы метр автоккөлік жолағы жаңартылған болатын.