Басты бетҚоғамӘділбек Сәрсембаев...

Әділбек Сәрсембаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болды

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Әділбек Сәрсембаев 1978 жылы Целиноград қаласында (қазіргі Нұр-Сұлтан) дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын заң мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Қаржы министрлігі салық инспекциясының жеке тұлғалардың кірістеріне салық салу бөлімінің инспекторы болып бастады.

2001 жылдан 2006 жылға дейін Астана әкімінің аппаратында, Көлік және коммуникациялар министрлігінде түрлі басшылық қызметтер атқарды.

2006 жылы Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы болып тағайындалды.

2007-2009 жылдары Петропавл қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы. Түрлі жылдары жеке құрылымдарда жұмыс істеді.

2010-2014 жылдары «Қазақстан инжиниринг» ҰК» акционерлік қоғамы басқарушы директоры, вице-президенті, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары болды.

2015 жылдан 2016 жыл аралығында «Астананың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысы болып жұмыс істеді.

2016 жылдан 2020 жыл аралығында Нұр-Сұлтандағы Алматы ауданының әкімі қызметін атқарды.

2020 жылғы мамырдан қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан инжиниринг» ҰК» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы болды.