Адам неге түс көреді? Сомнолог-дәрігер түсіндіреді
Сомнолог дәрігер, психотерапевт Виктор Ханның айтуына қарағанда, түс көру өте пайдалы, себебі онда өмірде болуы мүмкін жағдайларға бейімделеміз. Ол психиоэмоционал тепе-теңдік болуы үшін қажет. Түс әрдайым позитив нотада бола бермейді. Өмір де сондай, үнемі бақытты сәттерден тұрмайды. Сондықтан белгілі бір кезеңдерден жеңіл өту үшін бізге түс қажет.
Baribar.kz тілшісі Еңлік Сақтан осы айда Ұйқы медицинасы орталығының негізін қалаушы, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» Виктор Ханнан адамның неліктен түс көретінін және оның маңызын сұрады. Әңгіме барысында түс туралы мифтер де айтылды. Бұл — наурызда ең көп оқылған материал.
Ескі сурет: 100 жыл бұрынғы қазақ әйелдерінің келбеті
Бір ғасырдай уақыт бұрын қазақ қыздары мен әйелдері қандай болған? Күнделікті өмірде және мерекеде қандай костюм киген? Бай мен кедейдің сырт келбетін қалай ажыратуға болады? Сол кездегі қыздардың шаш үлгісін білесіз бе?
Таңшолпан Төлеген архивтен 100 жыл бұрынғы қазақ әйелдерінің фотосын жинастырды. Наурызда бұл материал да көп оқылған.
Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған соң қалай күтіну керек?
Вакцинациядан кейін дене қызуы түспесе, не істеу керек? Дәрі ектіргеннен соң эпидемиология шараларын сақтау маңызды ма? Спортпен шұғылданып, моншаға түсу зиян емес пе? Осы сұрақтарға жауапты Мейірман Лестің материалын табуға болады. Бұл да наурыз айында Baribar.kz оқырмандарын қызықтырған топ-3 материал қатарында.
БЖБ мен ТЖБ: бағалау жүйелері оқушы білімін дұрыс анықтай ма?
Бірнеше жылдан бері Қазақстан оқушылары жаңа бағдарлама мазмұнына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) тапсырып жүр. Оның бұрынғы бақылаудан айырмашылығы қандай? Тиімді тұсы бар ма? Кей ата-ана неге одан бас тартуды сұрайды? Бұл туралы Наргиза Аршидин тарқатып жазды.
«Жоқ» деп айта алмадым». Харассмент көрген 3 адамның әңгімесі
Харассмент (harassment) — басқаға ыңғайсыздық немесе зиян келтіру, өзгенің жеке өміріне қол сұғу. Қарсы болғанына қарамастан адамның денесіне қол тигізу, дөрекі әзіл айту, хат-хабарламамен қыр соңынан қалмау да осы харассментке жатады. Ең кең тараған түрі — жыныстық қатынасқа итермелеу немесе бопсалау. Кей маманның айтуынша, қазбалап қарайтын болсақ, көпшілігіміздің (әйелдер де, еркектер де) өмірде бір рет болсын харассмент көргенімізді анықтауға болады екен.
Baribar.kz харассменттен зардап шеккен, соның кесірінен бойында түрлі қорқыныш қалып қойған адамдармен әңгімелесіп, олардың жағдайы туралы психолог комментариін алды. Портал оқырманын қызықтырған бес материалдың бірі осы болды.